№ 3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 10 наурызында «Тіл – тұтастық тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында онлайн форматта «6 «А» сыныбында «Білімділер бәйгесі» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға барлығы 5 оқушы қатысты. Сайыста «Бәйге», «Полиглот», «Білімпаз», «Тіл өнер», «Мың бір мақал», «Дода» бөлімдері бойынша білім алушылардың ой жүйріктігі, тілді білуі, есте сақтау қабілеттері байқалып, танымдық сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап беру шеберліктері сарапқа салынды. Ойын нәтижесінде Бисенов Ильнур, Медетқызы Аягөз, Когай Тимур жақсы нәтиже көрсетіп, өз білімдерін дәлелдеді. Пестов Тимофей мен Еникеев Даниэль де ойынға белсене қатысты.


Білімдінің күні жарық!