Орал қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастырумен 2021 жылдың 29 қазан күні "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзектілігі" тақырыбында ✓36 "Балақай" бөбекжайы базасында бөбекжай педагогтарына арналған кезектен тыс оқыту семинары өтті.
ҚБББ әдіскері Ж. С. Адиева басқарған бұл мәнді отырыста мектепке дейінгі оқытудың ауқымды, өзекті мәселелері талқыланып, сараланды. Күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде пікір алмасып, әдістемелік кеңестер берілді. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы" аясында БҚО білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ҚБББ шығармашылық топ мүшесі, әдіскер модератор ✓7 "Айналайын " бөбекжай ы әдіскері Ж. К. Утегалиева сөз алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, "ҚР—да мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулармен ҚБББ шығармашылық топ мүшесі, әдіскер модератор ✓3 "Елочка" бөбекжайы тәрбиешісі А. Ж. Кулишова нақты жұмыс бағыттарымен ой түйіндеді. Ал "4к модулі бойынша түсіндірмелі жұмыс" туралы "Педагогикалық шеберлік орталығы" ДББҰ МдҰ—дар бойынша тренері ✓48 "Мұрагер " бөбекжайы әдіскері Ш. Ш. Сабирова МдҰ тәрбие мен оқытудың жаңа форматтағы жұмыс жүйесінің өзектілігі және жаңашылдығы жайында мәлімдеді. Әрі қарай ✓21 "Росинка" бөбекжайы тәрбиешісі З. Т. Рахишева "Жаңартылған бағдарламаның түйінді идеяларын ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану бойынша практикалық жұмыс" тақырыбы аясында білім үдерісінде оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану, артықшылығы мен өзектілігі барысында тәжірибе алмасты. Пікір алмасып, сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді. Оздырылған оқыту семинарының жаңа серпіліс пен әдістемелік кеңестердің, тәжірибе алмасудың құндылығы педагогтарға тигізер көмегі мол болды.
@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @bqobilim @oral_ovp