2021 жылдың 14 қыркүйегінде № 3 ЖОББ мектептің 9 «А» сыныбында «Қазақстан Халқы тілдері күні» мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Абатқызының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» деген тақырыпта тәрбие сағаты оздырылды. Сынып оқушылары қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы туралы бейне материалды қарады. Сұрақтарға жауап берді. Өлеңдерінен үзінді оқыды, ақынның өлеңдер жинағы қойылған шағын көрмені тамашалады. Ұлтымыздың біртуар тұлғаларының өмірі білім алушылардың қызығушылығын тудыратындығына және олардың ұлт ұстазының еңбегін бағалайтынына сенімдіміз.