Қазан айының 14 күні #3 ЖОББМ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен "Қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс- тәсілдер" атты қалалық семинар өткізілді. Шараның мақсаты қала мұғалімдерімен тәжірибе алмасу болатын. Семинар аясында берілген 3 ашық сабақ (4В сыныбы - М.А. Муратова, 8 А сыныбы- Э. Т. Абдрашитова, 11 А сыныбы- А. Н. Жумагалиева) пен 1 сыныптан тыс шара (11А сыныбы- А. Н.Жумагалиева) әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Сауатты ұрпақ - ел болашағы.